«Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі. Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік – әр баланың құқығы, әр ата-ананың жауапкершілігі!»
Іс-шараның тақырыбы: «Гаджеттер мен балалар: цифрлық ортадағы қауіпсіздік және жауапкершілік». Бағыты: «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында цифрлық мәдениет пен қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру. Форматы: ата-аналарға арналған семинар-практикум және балалармен танымдық-тәрбиелік сабақ. Мақсаты: ата-аналар мен балалардың цифрлық ортадағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы түсініктерін қалыптастыру, гаджеттерді жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін дамыту, интернет кеңістігіндегі заманауи қауіп-қатерлердің алдын алу.





